Коронавирусқа қарсы вакцина сынағына қатысқан адам қайтыс болды

Коронавирусқа қарсы вакцина сынағына қатысқан адам қайтыс болды

Бразилия Ұлттық санитарлық қадағалау агенттігі (Anvisa) бір науқастың қайтыс болуына байланысты қытайлық Sinovac Biotech компаниясының «Коронавак» вакцинасының сынағын тоқтатты.

Бұл туралы Бутантан институтының басшысы Димас Ковас хабарлаған.

«Вакцинаның жанама әсері туралы емес, өлім туралы хабарладық. Сынақты тоқтату туралы шешім бізді тіпті таңқалдырды. Өйткені бұл өлім вакцинамен байланысты емес», – деді Ковас.

Ковастың айтуынша, «Коронавак» вакцинасының 95% тиімді екені дәлелденген.

Бірақ емделушілердің 35%-інде вакцинаның жеңіл жанама әсері болған.