ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор, Қостанай облысы Қарабалық ауданының құрметті азаматы Еркебұлан Мүсіреп 75 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Еркебұлан Саламатұлы 20 жылдам астам уақыт бойы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрін басқарған. Ол Құрманғазы оркестрі туралы кітаптардың авторы. Алматыдағы П.И Чайковский атындағы музыкалық училищенің баян және оркестр дирижері мамандығы бойынша түлегі. Ленинград жоғары мәдениет мектебін және Мәскеу мәдениет институтын бітірген. КСРО-дағы ең үздік бес баяншының бірі. Еркебұлан Саламатұлы «Гүлдер» республикалық ансамблінің директоры болған және «Қазақконцерт» директорының орынбасары болған. Ол еліміздің мәдениет мұрасына және дамуына елеулі үлес қосты.