Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет. 12 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады, 12 қарашада екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 11 қарашадатұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, жел соғады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 23 метрге жетеді.