Арқалық қаласында тұрғын үй өртеніп, бірнеше адам құтқарылды, деп хабарлайды Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға Арқалық қаласындағы №5 үйде болған. Тұрғындар полицияға Байтұрсынов көшесіндегі үйден өрт шыққанын хабарлады. Оқиға орнына полиция сержанты Бейбіт Аслан мен полиция капитаны Алиса Бисембаева барды. Олар осы күні қалалық полиция басқармасында кезекші автопатрульде болған. Тәртіп сақшыоары өрт сөндіру бригадасын күтпей, тұрғындарды өрт шыққан үйден эвакуациялады.
«Осы сәтте үй тұрғы Наталья Лысая пәтерде інісінің қалып қойғанын айтты. Полицейлер екінші қабатқа көтеріліп, түтін арасынан жас жігітті іздей бастады.Бірнеше минут ішінде полицейлер оны тауып алып, сыртқа шығарды» делінген полиция ақпаратында.Ал, Наталья Лысаяның өзі өрт басталғанда бірден далаға шығып үлгерген. Інісі өз бөлмесінде ұйықтап жатқан.
«Інім өздігімен шыға алмады. Оның бөлмесін от жалыны шарпып тұрды. Полицейлер көп ойланбастан өрт ішіне кіріп кетті. Олардың ерлігін үй тұрғындары ұмытпайтын болады», - дейді Наталья Лысая.Арқалық қаласының өрт сөндірушілері келіп, қызыл жалын ауыздықталғаннан кейін полицейлер қызметін ары қарай жалғастыруға кетті. Өрттің нақты себептері анықталуда.