Қазақстанның 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгиромет» РМК. Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 14-16 қарашада Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 15 қарашада екпіні 23-28 м/с болады. Таразда 14-16 қарашада тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. 15 қарашада солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 %. 14-15 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Күндіз 15 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерінде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Қарағанды қаласында 14 қарашадакөктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жезқазғанда түнде 14 қарашада жаяу бұрқасын болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 75-80%. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады. Оралда 14 қарашада түнде және таңертең тұман түседі. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95 %.