Әлемдегі ең ірі гауһар тастың бірі Африкадан табылды. Ботсванадағы Lucara Diamond компаниясының Karowe кенішінде салмағы 998 карат (шамамен 199,6 грамм) болатын тарихтағы ең ірі алмастардың бірі табылды деп жазады Bloomberg. Ақ гауһар – бұрын-соңды табылған ең үлкен бес тастың бірі. Бұрын сол кеніште Lesedi La Rona (1109 карат), Sewelo (1758 карат) және Constellation (813 карат) гауһар тастары табылған. Жаңа тасқа әлі атау берілмеді.