Шымкентте нысана көздеуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Olympic.kz мәлімдеуінше, турнирге еліміздің алты аймағынан жүзге жуық спортшы қатысуда. Турнирдің алғашқы жеңімпаздарын назарларыңызға ұсынады. Пневматикалық тапанша, 10 метр. Ерлер: Эльдар Иманқұлов (Алматы-1), Владимир Исаченко (Алматы - 1), Иван Литвиненко (Нұр-Сұлтан) Пневматикалық тапанша, 10 метр. Әйелдер: Ольга Аксенова (Қарағанды), Ирина Локтионова (Шымкент-1), Елена Файнберг (Алматы-1)