Зейнеткер әжей ақтөбеліктерді 7 миллионға алдаған

Зейнеткер әжей ақтөбеліктерді 7 миллионға алдаған

Ақтөбе облысының тұрғындары әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй мен жер телімдерін беруге уәде беретін алаяқтардың арбауына түсіп жатыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, 19 сәуірде 62 жастағы әйел «Сбербанк» арқылы пәтерін  несиеге беретін болып, 52 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынынан 200 мың теңге көлеміндегі ақшасын сыпырып алады. Сонымен қатар, алаяқ-әжей жаңағы 52 жастағы әйелдің сеніміне кіріп, тағы да 300 мың теңгесін иемденіп кеткен. Тергеу іс-шаралары барысында күдіктінің бұған дейін көптеген алаяқтықпен айналысқаны анықталып, 7 миллион теңге тәркіленді», - деп хабарлады полицияда.