Қала мектептерінде 5-сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылды. Алайда кезекші сыныпқа барудың өз талабы бар. Өтініш білдірген оқушылардың бәрі бірдей мектепке бара алмайды.
Жалпы, қала бойынша мектептерде 1597 кезекші сынып ашылған. Бұл оқу орындарында 20 мыңнан астам бала білім алып жатыр.– Кезекші сыныптарға балаларды қабылдау алдында ата-аналар өтініш білдіреді. Созылмалы ауруы бар балаларды қабылдауға рұқсат етілмейді. Кезекші сыныптарда білім алу қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша жүзеге асырылады. Алматы қаласы бойынша қыркүйек айынан бастап Көлсай және Сұлусай шағын аудандарында орналасқан №194 және №197 мектептерде сабақ штаттық жағдайда басталды. Енді ІІ-тоқсаннан бастап қалалық бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша төрт мектепте сабақ қалыпты жағдайда басталады. Бала саны 300-ге толмаған мектептерге рұқсат етілді, – деді Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова.