Бір аптада жол апатынан 48 адам қайтыс болды

Бір аптада жол апатынан 48 адам қайтыс болды

Оның мәліметінше, елде өткен аптада 3353 қылмыс тіркелген. Оның 2223-і бір тәулік ішінде ашылған. Полиция кісі өлтіру дерегі бойынша – 11, денсаулыққа ауыр зиян келтіру салдарынан өлімге апарып соқтырған – 2, қарақшылық пен ұрлықтың – 36, бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысты 553 қылмыстың ізін суытпай ашқан.

«Бір аптаның ішінде 196 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 48 адам көз жұмды. 225 адам әртүрлі деңгейде жарақат алды. Ауа райының құбылмалы болуына байланысты Ішкі істер министрлігі көлікпен ұзақ сапарға шығуды кейінге қалдыруға шақырады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдардың жабылуын қадағалап отыруды ескертеді», – деді Кәміл Ғалиев.