Ақтөбеде зауыт өртеніп жатыр

Ақтөбеде зауыт өртеніп жатыр

ТЖД-ның хабарлауынша, бүгін жергілікті уақытпен сағат 08:43-те Хромтау аудандық өрт сөндіру бөліміне Жазық станциясындағы май зауытының өртеніп жатқандығы туралы хабарлама түсті.

«Сағат 09:17-де аудандық өрт сөндіру және төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамынан 32 қызметкер, 7 техника, сонымен бірге Хромтау қалалық мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімінен 5 адам, 1 техника жіберілді. Май зауытының газ кептіргіші өртенді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өрт сөндірушілер әлі зауыттағы жалынды сөндіріп жатыр», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.