«20 миллион теңге» – Атырау әкімдігі жаңа көлік алуға қатысты мәлімдеме жасады

«20 миллион теңге» – Атырау әкімдігі жаңа көлік алуға қатысты мәлімдеме жасады

«Ақ Жайық» қозғаған мәселеге қатысты әкімдік мәлімдеме жасады.

«Көліктер Атырау жедел штабындағы жедел топтардың дайындық деңгейін арттыру үшін сатып алынды. Оларды сатып алуға облыстық мәслихаттың тиісті шешімімен қаражат бөлінді. Бюджеттік өтінімге қозғалтқыш көлемі 1999 текше сантиметр болатын базалық жинақталымдағы Қазақстанда шығарылған KIA Sportage маркалы 2 көлікті сатып алуға баға ұсыныстары енгізілді», – деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктегілер Атырау облыстық әкімдігі Үкіметтің базалық жинақталымнан жоғары жабдықталған және қозғалтқышы көлемі 2000 текше сантиметрден асатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттерде шығарылған көліктерді сатып алуға үш жылға тыйым салу туралы шешімін ескергенін айтқан.