Орманда алтын өндіргендер ұсталды

Орманда алтын өндіргендер ұсталды

13 қарашада «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Тау-дала филиалының Жарма орман шаруашылығы аумағында алтын өндіріліп келгені белгілі болды.

«Жер қойнауын пайдаланушылар Балқылдақ өзенінің бойынан 50-100 метр қашықтықта, яғни ерекше қорғалатын табиғи аумақта жер қазған. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған. Олар жердің жоғарғы құнарлы қабатын алып тастаған. Астан-кестеңін шығарған. Соның кесірінен жердің құнарлы қабаты бұзылған. Табиғатқа келтірілген материалдық залалдың жалпы мөлшері 2,6 миллиард теңгеден асады» делінген ресми хабарламада.

Осы жайтқа қатысты тергеу басталды.