Жамбылда ешкі сүтінен ерекше сабын өндіріп жатыр

Жамбылда ешкі сүтінен ерекше сабын өндіріп жатыр

Асылтұқымды «Биттал» ешкісі тәулігіне 25 литр сүт берсе, бір ешкінің құны – 1,5 мың доллар. Ал «Занниннен» тәулігіне 5 литр сүт сауылады. Кәсіпкер бұл кәсіпке инсульт алып ауырғаннан кейін келген екен. Кенжебектің сөзіне сүйенсек, дертіне дәл осы ешкі сүті дауа болыпты. Сол себепті ол осы бизнеспен айналыса бастаған.

Қазір шаруаның ешкісіне деген сұраныс жоғары. Құрт, ірімшік, сүзбе сынды өнімдерін тіпті тұрғындар кезекке тұрып алуда. Ал карантин кезінде кәсіпкер тың тірлікті игеру мақсатында онлайн курсқа жазылып, ешкі сүтінен сабын жасау тәсілін үйренген. Бүгінде балаларға арналған сабынды ойыншық пішінде әзірлеп, 500 теңгеден өткеруде. Ал ересектерге арналған сабын – 700 теңгеден сатылып жатыр. Сабын еш химиялық қоспасыз жасалатындықтан түрлі тері ауруларына да ем. Бұдан бөлек кәсіпкер сабынның сапасын арттыру үшін оған түрлі пайдалы майлар қосады екен. Енді Кенжебек мемлекет тарапынан қолдау болса, білген-түйгенін кейінгі ұрпаққа үйретсем деп армандайды. Біз жерлесіміздің мақсатына жетуіне тілектеспіз.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы