Сарапшылардың пайымдауынша, артынша індет одан өзгелерге тараған.
Сөйтіп, осы күнге дейін 55 миллионнан аса дерек расталды. Бір миллион 300 мыңнан аса адам індетпен күресе алмай көз жұмды. Ал біздің елімізде алғашқы дерек жайлы биылғы наурызда белгілі болған еді.Көбі ер адамды «нольдік пациент» деп атайды. Дегенмен, мамандар «осы күнге дейін нольдік пациент нақты кім екені белгісіз» дейді. Былтыр желтосқанның соңында Қытайда эпидемия ушығып, биыл қаңтарда әлемнің өзге елдерінде де індетті жұқтыру деректері тіркеле бастады.