63 жыл отасқан ерлі-зайыпты коронавирустан қайтыс болды

63 жыл отасқан ерлі-зайыпты коронавирустан қайтыс болды

63 жыл бірге өмір сүрген италяндық жұп коронавирустан қайтыс болды, деп жазады l’Eco di Bergamo.

82 жаастағы Винченцо және оның 83 жастағы жұбайы Ольга Молино елдің оңтүстігінде 18 жастарында танысқан. 1957 жылы олар Миланға келіп, осы қаланың маңында өмір сүрген.

26 қыркүйекте отасқандарына 63 жыл толуын атап өткен. 11 қарашада олар аурухаға жатқызылды. Екеуінің де бірнеше күн бойы температурасы көтерілген. Оларға антибиотик тағайындаған дәрігер келмеген. Ауруханада ерлі-зайыптыларды екі палатаға жатқызды. Алайда өлер алдында әйелі күйеуінің қасында екенін сезіну үшін оның пенжегін алып келуді сұраған. Олар бір сағаттық айырмашылықпен көз жұмды.