Ақмола облысының Бурабай ауданында көппәтерлі тұрғын үй өртеніп, төрт отбасы далада қалды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, өрт Щучье қаласының Нагорная көшесінің бойында орналасқан №20 төрт пәтерлі тұрғын үйде болған. Өрт аумағы 140 шаршы метрді құрады.
«Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 20 қызметкер және 4 техника жұмылдырылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себеп-салдары анықталып жатыр» дейді ведомстводан.