Карантинде жертөледе жұмыс істеген караоке анықталды

Карантинде жертөледе жұмыс істеген караоке анықталды

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданының Полиция басқармасына «Нұрсәт» ықшамауданының тұрғындары жертөледе орналасқан караоке-клуб карантин режиміне қарамастан жұмыс істегені туралы арызданған.

«Осы арыз бойынша Қаратау ауданының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі, аудандық прокуратура мен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мамандарымен бірлескен жұмыс тобы құрылып, рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Нәтижесінде караоке-клуб карарантин режимін өрескел бұзып, жұмыс істеп жатқаны анықталды. Осыған байланысты нысан иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу») бойынша жинақталған іс-құжаттар аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды» делінген хабарламада.   https://youtu.be/R9R564ODMGo