Аязға байланысты мектепте сабақ тоқтатылды

Аязға байланысты мектепте сабақ тоқтатылды

Риддерде ауаның температурасы -26 градусқа төмендеді. Аяз күшейіп, желдің жылдамдығы секундына 5 метрге жеткен.

Бутаково, Поперечный ауылдарында 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. Бородулиха ауданында 28-30 градус аяз тіркелді, 2 Пятилетка, Песчанка, Жерновка, Букутово ауылдарындағы бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.