Алматыда нұротандықтар әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізді. Тексеру барысында партия өкілдері құрылыс жұмыстарын сапасыз жүргізген мердігер компанияларға ескерту жасады. «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Бостандық ауданындағы «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында қаланың әлеуметтік инфрақұрылым тізіміне енген екі нысанға барды. Атап айтар болсақ, №40 орта мектеп және №81 мектеп-гимназиясы. Тексеру барысында нұротандықтар мердігер компанияға құрылыс сапасының төмендігін айтты. Сонымен қатар, мердігер ұйымның 5 айдағы жұмысшылар алдындағы қарызы анықталды. Сондай-ақ, өндіріс кестесінен артта қалу және жұмыс жобасына сәйкес келмеу фактілері тіркелді. Осыған байланысты сол жерде техникалық кеңес өткізілді, қорытынды бойынша тапсырыс беруші мен бас мердігер өкілдерін хабардар ете отырып, ескерту берілді. Сонымен қатар, рейд қорытындысы бойынша нұротандықтар тапсырыс берушінің атына және анықталған ескертулерді жою бойынша Қала құрылысын бақылау басқармасына ұсыныс хат жолдады. Екінші құрылыс нысанында жұмыстардың аяқталу мерзімі бойынша артта қалушылық байқалады. Мердігер ұйымның инженері Ерлан Омаров мұны карантин кезінде жұмыстардың басым бөлігі тоқтатылғанын, бұл нысандағы жұмыстардың тағы екі айға артта қалуын түсіндірді. Сондай-ақ, тексеру барысында комиссия мүшелері отандық өндірістің құрылыс материалдарын сатып алуға назар аударды. Жалпы, Бостандық ауданында «Құтты мекен» партиялық жобасын жүзеге асыру бойынша тоғыз нысан партиялықтардың бақылауында. Айта кетейік, бұл жоба ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен жүзеге асуда.