Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль Альварес келесі жылы өткізетін жекпе-жектерінің уақытын жариялады.
ESPN Deportes-тің хабарлауынша боксшы мамыр айында екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен кездесуді жоспарлауда. Еншісінде 29 жеңісі бар Сондерсті жеңгеннен кейін қыркүйек айында Головкинмен болатын үшінші кездесуге нүкте қоймақшы.
«Канелоның» командасы бұл тартысты Мексиканың Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырмақшы көрінеді. Алайда, боксшы қарсылас тараптардың ешқайсысымен ресми келіспеген.
Головкин болса келесі жылдың күзіне дейін «Канеломен» кездеспейтінін біледі. Сондықтан мамыр айында IBF титулын қорғау үшін кезекті жекпе-жегін өткізуді қолға алуы мүмкін.