Жасөспірімді пышақпен қорқытып, телефонын тартып алған

Жасөспірімді пышақпен қорқытып, телефонын тартып алған

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері екі тонау дерегіне қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады.

ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Конституция көшесінде би үйірмесінен қайтып келе жатқан 10 жастағы екі қыз баланы 27 жастағы елорда тұрғыны аңдыған. Көп ұзамай пышақпен қорқытып, ата-анасына хабарлаған жағдайда, тыныштық бермейтінін айтып, олардың біреуінің ұялы телефонын тартып алған. Сол күні кешке тағы дәл осы көшеде спорт секциясынан үйіне қайтып келе жатқан 14 жастағы мектеп оқушысынан ұялы телефонын тартып алған» делінген хабарламады.

Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары болған жайды полицияға хабарлады. Қылмыскерді іздеу үшін түр сипатына кескін жасалып, Полиция департаментінің жеке құрамына жолданды. Учаскелік полиция инспекторы, капитан Нұржан Мұстафаев күдіктінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, өзінің әкімшілік учаскесіндегі тұрғындардың бірі екенін таныған. Күдікті тұрғылықты жерінде ұсталды. Қызметкерлер пәтерден пышақ, сондай-ақ, ұрланған телефондарды тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Оның бұрын жасалған қылмыстарға қатыстығы анықталуда.