Қайсар Табынов коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды

Қайсар Табынов коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды

Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов өзінің Ғacebook парақшасында коронавирусқа қарсы екінші рет вакцина алғанын айтты. "Бүгін зертхана жануарларын кезекті иммундау үшін COVID-19-ға қарсы NARUVAX-C19/Nano вакцинасының үлгісін әзірледік. Мүлдем тосыннан аталған вакцинаның қалғанын өзіме салу туралы шешім қабылдадым. Мұндай жақсы дүние (20 мкг Spike/RBD тиін) жарамсыз қалмауы керек қой. Менде IgA (секрециялық) антиденесін қалыптастыра ала ма екенін білу қызықты болып тұр. Ол жалпыға танылған IgG, IgM антиденелеріне қарағанда тыныс алу органдарының шырышты қабыршағындағы COVID-19 вирусын жоюға және сол арқылы инфекцияны жібермеуге қабілетті", - деп жазды Қайсар Табынов. Еске сала кетсек, Қайсар Табыновқа COVID-19-ға қарсы вакцина тамыз айында салынған еді.