9 адам қар құрсауынан құтқарылды

9 адам қар құрсауынан құтқарылды

Алматы облысында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» тас жолында құтқару жұмыстарын жүргізді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Достық бекетіндегі №20 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Ырғайты» мен «Жалаңашкөл» учаскелері арасында үш адамды қар құрсауынан құтқарылды.

"Сол күні кешке қарай 112 телефонына «Ырғайты» учаскесінің маңында адамдарды эвакуациялау қажеттігі туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Ақши ауылынан Алакөл өңірінің құтқарушылары барды. Олар 6 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды", - делінген ТЖД таратқан ақпаратта.

Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж емес.