Ер адам 6 жасар баланы бауыздап тастаған

Ер адам 6 жасар баланы бауыздап тастаған

Саратов облысы, Энгельс қаласының тұрғыны алты жасар баланың басын кесіп алған. Сол күні сәбидің анасы перзентханада болған, дүниеге жетіншісін сәбиін туған екен.

 Қанды оқиға 20 қараша күні болған. Өгей әкесі кішкене баланы танысына тастап, қарай тұруға тапсырып кеткен. Жұмыстан оралған ол басы жоқ сәбиінің  денесін көріп, шошып кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті қылмысты есірткінің әсерінен жасаған. Саратов облысындағы балалар құқықтары жөніндегі омбудсмен Татьяна Загороднаяның айтуынша, көршілер бұл отбасы жайында жаман пікір білдірмеген. Алайда көпбалалы ананың кейбір балаларына қатысты ата-ана құқығынан айырылғаны анықталды. Қазір оның бес баласы облыстың әр аудандарында туыстарының қолында екен.