Итальялық және америкалық геологтар Ніл өзенінің пайда болғанына 30 миллион жылдан астам уақыт толғаны туралы дәлелдер тапты. Зерттеу нәтижелері Nature Geoscience ғылыми журналында жарияланды, - деп хабарлайды Gazeta.ru.
Бұған дейін ғалымдар Ніл өз арнасымен шамамен алты миллион жыл бойы ағып келеді деп есептейтін.
«Біз Нілдің соңғы 30 миллион жыл ішінде іс жүзінде өзгермегенін көрсеттік», – дейді зерттеушілер.
Болжам бойынша, өзенге мұндай тұрақтылық берген Африканың солтүстік-шығысындағы жердің айрықша мантиясы. Ол өзеннің дренаждық жүйесін, сонымен қатар Нілдің көлемін сақтауға мүмкіндік берді.