Денсаулық сақтау басқармасы бетперденің бір данасын 68 000 теңгеден сатып алған

Денсаулық сақтау басқармасы бетперденің бір данасын 68 000 теңгеден сатып алған

Дереккөздің жазуынша, goszakup.gov.kz-те Қарағанды облысында маска сатып алуға 13,6 млн теңге жұмсаған деп көрсетілген.

Бетперденің бір данасы ­– 68 мың теңге. Барлығы 200 дана сатып алған. Тапсырыс беруші – Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» КММ.  GoldenStag-пен келісімшарт 2020 жылдың 1 сәуірінде жасалған.

Техникалық ерекшелігінде тауарға толық сипаттама берілмеген: «Аэрозольден қорғайтын фильтрі бар 3М жартылай бетперделері. Қатты бөлшектердің ауадағы үлесі шамадан тыс көп болуы мен булануы қиын сұйық бөлшектерден жұмысшылардың тыныс алу органдары зиян шегетін жағдайда, солардан жақсы қорғану мақсатында қолданылады. Көмір шаңдарынан қорғайтын сүзгісі бар».