Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде әйелдер күресінен жеңімпаздар анықталды Әйелдер күресінен тоғыз салмақта жүлделер үлестірілді. Олардың барлығы дерлік жаңадан шығып келе жатқан балуандар болды. Бүгінгі бәсекеде Светлана Анкичева (50 келі), Асылзат Сағымбай (53 келі), Айша Уәлишан (55 келі), Эмма Тисина (57 келі), Диана Каюмова (59 келі) «алтыннан» алқа тақты. Сондай-ақ, Аяулым Қасымова (62 келі), Жәмила Бақбергенова (68 келі), Валерия Гончарова (72 келі) және Элмира Сыздықова (76 келі) чемпион атанды. Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын күрес түрлерінен ел біріншілігінде 20-22 қараша күндері еркін күрестен 10 салмақта жеңімпаздар анықталды. Енді ел біріншілігінде грек-рим күресінің шеберлері 24-26 қараша аралығында тоғыз салмақта жүлдеге таласады.