Тоқаевтың тапсырмасы: Алматыда ағаш кескендерді жауапқа тартады

Тоқаевтың тапсырмасы: Алматыда ағаш кескендерді жауапқа тартады

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды.

  [caption id="attachment_89893" align="aligncenter" > Фото: Берік Уәлидің парақшасынан алынды[/caption] Мемлекет басшысы 2019 жылы 29 қазанда Алматыда қала проблемаларына арналған кеңесте сөйлеген сөзінде мегаполистің экожүйесіне ұқыпты қараудың, шаһар тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасаудың ерекше маңызды екенін мәлім еткен болатын», ­ деп жазды Берік Уәли.