Тамағына ине тұрып қалған тұрғынды дәрігерлер аман алып қалды

Тамағына ине тұрып қалған тұрғынды дәрігерлер аман алып қалды

Алайда қала сыртында тұратындықтан дәрігерге жүгінбей, «жазылып кетеді» деген сеніммен жүре берген.

Десе де, күндер өте өңешінде бөгде зат тұрғанын сезінген  науқас ауруханаға қайырылған. Тараз қалалық дәрігерлер науқасты шұғыл түрде рентгенографияға түсіріп, тамағында ине тұрғанын анықтайды. Тұрғын инені байқамай жұтып қойған көрінеді.   Хирургия бөлімінің меңгерушісі, білікті эндоскопист-хирург Рахымжан Ғабиден  науқастың  ішкі органдарын арнайы аспап  арқылы тексеру әдісімен жасалатын эндоскопиялық ота жасауға шешім қабылдайды. Бастапқыда науқас отадан қорыққанымен, қансыз хирургия әдісімен жасалатын операция сәтті шығап, адамның өмірі ажалдан арашаланып қалды.

– Бөгде затты байқамай жұтып қоятын немесе еріксіз ішке түсіп кететін мұндай жағдайлар   тұрғындар арасында көп кездеседі. Көп жағдайда, нерв талшықтарына тимесе, мұндай әрекеттер алғашында адамды аса мазаламайды. Бірақ  бөгде зат ағзаға өздігінен сіңіп немесе шығып кетпейді. Сондықтан  мұндай жағдайға жол бермеуге тырысу керек. Егер байқаусызда орын алған болса, дер кезінде медициналық мекемеге келу қажет, – дейді хирургия бөлімінің меңгерушісі Р. Ғабиден.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы