Nur Otan нақты істердің партиясы екенін дәлелдеді

Nur Otan нақты істердің партиясы екенін дәлелдеді

«Әр съезден кейін біз артқа қарап, қорытынды жасаймыз, нәтижесін шығарамыз. Бүгін делегаттар атқарылған жұмыстар туралы айтып, өз ұсыныстарын жеткізді.  Байқап жүрсіздер, біз 30 жыл ішінде қандай қиындықтарды бастан өткерсек те, халықтың әл-ауқатын жақсарттық. Мүлдем басқа ұлт өсті. Елдегі кедейлік деңгейі 20 жыл ішінде 11 есе төмендеді. Жұмыссыздық – 2,8 есе. Тәуелсіздік жылдары біз ұлттық әртүрлілікті басымдыққа айналдырып, бірегейліктің бірегей стандартын құрдық. Ал ұлттық қор Қазақстанды дағдарыстардан құтқаруға көмектесті», – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев партия әрдайым азаматтардың мәселелерін шешетінін айтты.

«Біз Nur Otan-ның нақты істердің партиясы екенін дәлелдедік. Пандемия кезінде Birgemiz қоры 2 миллионнан астам адамға көмек көрсетті. Партия үшін қарапайым адамдардың мүдделері бірінші орында», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.