Бүгін Алматыда Sulpak-тың маңайына 30 емен отырғызылады

Бүгін Алматыда Sulpak-тың маңайына 30 емен отырғызылады

Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинскаяның айтуынша, оған қоғам белсенділері мен қала тұрғындары қатысады.

Алматыда 30 ағаш отырғызылады. Бұл кесілген ағаштардың орнын толтыратын тізімге қосылмайды. Оларды кейін отырғызады. Наталья Ливинскаяның айтуынша, Жасыл экономика басқармасы ағаш отырғызатын орынды, өлшемін және талаптарын айтады. Компания жаңа қағидаларға сәйкес, 260 ағаш отырғызып, екі жыл бойы күтіп-баптауы керек.

«Біз алмалықтардан бізге көмектесуін және табиғат қорғайтын бөлімшелерге Алматының жасыл қорын қадағалауды сұраймыз», – деді Наталья Ливинская.

Наталья Ливинская осы жылғы 1 желтоқсаннан бастап басқарма сайтта жасыл желектерді кесумен айналысатын компаниялардың рейтингін жариялауды бастайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ жыл соңына дейін Жасыл комиссияның реформасы аяқталып, оның құрамына қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, белсенділер мен БАҚ өкілдері кіреді.