Алматыда заңсыз кесілген ағашқа қатысты Sulpak өкілдері мәлімдеме жасады

Алматыда заңсыз кесілген ағашқа қатысты Sulpak өкілдері мәлімдеме жасады

Бұл туралы компаниядағылар Facebook-тағы парақшасында жариялады.

«Тергеу барысында мердігер компанияның қызметкерлері Sulpak-қа тиесілі емес және біздің компаниямызға жалға берілмеген аумақта ағаштарды өз еркімен кесіп тастағаны анықталды. Біз тиіс органдар заңға сәйкес кінәлілерге қатысты тиісті шаралар қабылдайтынына сенімдіміз. Біз өз отандастарымыз бен клиенттерімізді түсініп отырмыз, сондықтан әкімдікпен бірге жұмыс істеуге және қаламыздың экологиясын жақсартуға дайынбыз. Компания басшылығы Алматы қаласының аумағында және қала әкімдігімен келісілген мерзімде 500 үлкен ағаш отырғызу туралы шешім қабылдады», – дейді компания өкілдері.

Бұған дейін заңсыз кесілген ағаштарға қатысты полицейлер жазалануы мүмкін екенін жазған болатынбыз.