Ақтөбеде қыз баланың бауыры жарылып кетті

Ақтөбеде қыз баланың бауыры жарылып кетті

Ақтөбелік дәрігерлер швед тосқауылынан құлағаннан кейін бауыры жарылған қызды аман алып қалды, деп жазады "Диапазон"

Швед тосқауылына мінген кезде бекіткіштер үзіліп кету салдарынан жерге құлаған қыздың бауыры жарылып кеткен. Ата-анасы оны ауруханаға дереу апарған.
"Құлаған кезде бекіткіштердің сабы ішінің астында қалып, қыздың бауырын жарып жіберген. Біз қызымыздан айырылып қала жаздадық", - дейді қыздың анасы Гүлжан.

Облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Медетбаевтың 38 жылдық тәжірибесі бар. Дәл осы маман қыз баланы құтқарып қалды. Оқыс оқиға болған кезде дәрігер үйінде болыпты.

"Қыздың жарақаты ауыр болды, ішінен қан кетіп, бауыры жарылған. Бауырды қайта қалпына келтіру өте қиын. Сол күні мен үйде болдым, маған кезекшілер қоңырау шалды. Ауруханада УДЗ жасады, мен бірден осында келіп, ота жасадым. Егер бір-бір жарым сағатқа кешіксек, баладан айырылып қалуымыз мүмкін еді", - деді хирург.