«Қазгидромет» РМК 27 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Атап айтқанда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде, сондай-ақ тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, таңертең және күндіз оның күші 15-20 м/с артады. Шымкент қаласында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с артады. Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады. 27-29 қарашада Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. 28 қарашада кей жерлерде жаяу бұрқасын болжанады. 27 қарашада күндіз, 28 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, 28 қарашада екпіні 23-28 м/с жетеді.