Қазақстанда заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын 25 цех жабылды: Алматы қаласы – 11, Алматы облысы – 4, Шымкент қаласы - 3, Түркістан облысы – 2, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Жамбыл облыстарында – 1, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекетті кірістер комитеті.
«Мемлекеттік кірістер органдары 2019 жылы - 6 млн 100 мың литр, биыл 9 айда 320,2 мың литр мөлшерінде заңсыз алкоголь өнімдерін анықтаған. Заңсыз алкоголь өнімдердің 23,6% шекарадан өту кезінде және 76,4% алкоголь өнімдерін сату объектілерінде анықталды», - деп жазылған хабарламада.Сонымен бірге, Қырғызстан Республикасымен шекарада 23,8 мың литр мөлшеріндегі этил спирті және 14,5 мың литр арақ әкелудің жолы кесілді.