Премьер-министрді өлтіремін деп қорқытқан кәсіпкер ұсталды

Премьер-министрді өлтіремін деп қорқытқан кәсіпкер ұсталды

Бельгияның Льеж провинциясы Варемм аймағының тұрғыны Бельгия премьер-министрі Александр де Крооны өлтіремін деп қорқытқаны үшін қамауға алынды.

Бельгия премьер-министрінің электронды поштасына: «Газеттердің бірінші бетіне шығамын. Мұны жалғыз жасамаймын. Мен сені күтемін, Де Кроо», – деп хат жазған.

Бельгиялық БАҚ-тың жазуынша, оны федералды полицияның терроризмге қарсы күрес бөлімі тұтқындаған. Құқық қорғау органдары оның кәсіпкер екенін анықтады. Ұсталған кәсіпкердің бизнесіне елде қабылданған карантин шектеулері кері әсер еткен. Хатта ер адам оның компаниясын құрдымға кетірген коронавируспен күрес шараларына шағымданған.

Адамдар талаптарды сақтамайтынын да жазған. Хаттың соңында ашу-ызамен қоқан-лоққы көрсетіп аяқтаған. Кәсіпкерді қауіпсіздік қызметкерлері өз үйінде тұтқындады.