Елімізде электроника қымбаттайды

Елімізде электроника қымбаттайды

Қазақстанда электроника қымбаттауы мүмкін. Атап айт­қанда, телефон, планшет, ноут­бук – жалпы, музыка мен ви­део ойнайтын барлық жаб­дық­тар. Өйткені импорт­таушылар мен техника өндіру­ші­лер қауымдастығы әкелін­ген тауарға авторлық төлем төлеуге мәжбүр. Ал ол тұтыну­шыға ұсынылатын түпкілікті бағаға әсер етеді.

«Соңғы құны 2-2,5 пайызға немесе одан да көп өседі. Егер біз бұл туралы қоғамға айтпасақ, тіпті теледидар немесе смартфон сатып алатын зейнеткер болса да, қандай да бір авторларға осылай төлейтінін білмейтін еді», – деді «Қазақстандық сауда компаниялары мен тұрмыстық электр, компьютерлік техника мен күрделі техникалық жүйе­лерін өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ (КАТЭКС) төрағасы Сергей Архипкин. Авторлық бірлестіктегілердің айтуынша, мұндай тәжірибе әлемнің 80-нен астам елінде қолданылады. Өйткені теле­фон­дар мен компьютерлер туын­ды­ларды көшіруге және таратуға мүм­кіндік береді. «Импорттаушылар тө­лем жа­самауға тырысады. Қазақ­станда бар импорттаушылар мұны басқа көрші елдерде, сол Ресейде, Еуропа елдерінде тө­лейді. Бірақ Қазақстанда қандай да бір себептермен төлегісі кел­мейді», – деді «Еуразиялық құ­қық иеленушілер одағы» ЗТБ бас­шысы Әсет Білиев. Авторлық құқық иелерінің кәсіподағы тіпті сотқа жүгінуге дайын. Бірақ жабдықты импорт­таушылар бұл мәселені Үкіметте көтеруге ниетті, ал басты аргумент – тек бизнес  емес, тұтынушылар да зардап шегеді.

Н.ЕРЖАН