Көпқабатты үй өртеніп, жапа шеккен әйел ауруханаға жеткізілді

Көпқабатты үй өртеніп, жапа шеккен әйел ауруханаға жеткізілді

Департаменттің хабарлауынша, өрт таңғы 04:09-да тұтанған.

«Өртсөндірушілер дереу Әуезов ауданындағы 1-шағынаудан №43 мекенжайына жетті. Олар келгенде үшінші қабаттағы пәтер өртеніп жатқан. Тілсіз жау балкон арқылы 4-қабатқа, шатырға өрлеп бара жатты. Қауіпсіз жерге тұрғын үйдің 10 тұрғыны, оның ішінде 3 бала шығарылды. Өртсөндірушілердің арқасында өрт 34 минутта ауыздықталды», – деді ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге 10 техника мен 30 қызметкер жұмылдырылды. Төтенше жағдайдан 80 жастағы қарт әйел жапа шеккен. Жедел жәрдем №7 ауруханаға жеткізілді. Көршілердің айтуынша, әйел жалғызілікті болған, арасында күтушісі ғана келіп жүрген.