Алматыда орталық көшелердің бірінен ер адамның мүрдесі табылды. Видео әлеуметтік желіде тарады. Оның авторының айтуынша, мүрде Сейфуллин даңғылында Жібек жолы көшесінің қиылысында жатқан.
«Ер адамның кім екендігі анықталды. 45 жастағы азаматтың денесінен зорлықпен өлтіру белгілері анықталмады. Оның өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.