COVID-19 жұқтырғандар саны 62 миллионнан асты

COVID-19 жұқтырғандар саны 62 миллионнан асты

Оның мәлімдеуінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 62 миллионнан асты. Коронавирус анықталғандардың жалпы саны 62 150 421 адам, 1 450 338 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғандардың қатарында АҚШ  (13 233 022) ең көп. Сондай-ақ, жағдай ушығып тұрған елдер тізімінде Үндістан (9,35 миллион), Бразилия (6,23 миллион), Франция (2,26 миллион) және Ресей (2,22 миллион) кіреді. Кеше, 28 қарашада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша рекорд көрсеткіш тіркеді: әлемде 747 082 жаңа жағдай анықталған болатын.