Қазақстан чемпионаты: 18 жастағы боксшы Азия чемпионын ұтып кетті

Қазақстан чемпионаты: 18 жастағы боксшы Азия чемпионын ұтып кетті

Шымкент қаласында бокстан ерлер арасында Қазақстан чемпионатының финалдық бәсекесі өтуде. Аса жеңіл, 49 кг салмақта ақмолалық Теміртас Жүсіпов пен батысқазақстандық Даниял Сәбит шаршы алаңға шықты. Азия чемпионы Т.Жүсіпов 32-де болса, 18 жастағы Д.Сәбит финалға шыққан спортшылардың ең жасы еді. Бұл бәсекеде төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен Даниял Сәбит Қазақстан чемпионы атанды. Тағы бір жас боксшы, шымкенттік Махмұд Сабырхан 52 кг салмақта олимпиада жолдамасының иегері, түркістандық Сәкен Бибосыновты ұтып кетті. Ерлер арасында финалдық жекпе-жектер одан әрі жалғасуда.