Көпбалалы ана балаларымен ауырып жатқанда үйіне бір дәрігер келмепті

Көпбалалы ана балаларымен ауырып жатқанда үйіне бір дәрігер келмепті

Ол – коронавирус жұқтырған екен. 10 күн бойы дәрігер келмей қойған соң үйдегі дәрі-дәрмекті ішіп, өзі ем-дом жасай бастаған.

Ольга Ситникова қарашаның басында ауыра бастағанын сезген. Себебі, сол кезде басы сынып, ауыра бастаған екен.

– Үй ішімізде бірінші болып үлкен ұлым ауырған еді. Оны тест анықтап берді. Есептеп көріп едім, сол аралықта ұлыммен кездеспеппін. Ол өз үйінде бөлек тұрады ғой. Оның үстіне, сырқатқа қатысты белгінің бәрін ысырып, «салқын тиіп қалған-ау» деп қоя салдым, – дейді ол.

Айтуынша, алғашқы кезде бойында ыстығы болмаған. Тек екі күннен кейін ыстығы 37,5 болып көтерілген. «Антибиотик ішіп едім ыстығым түскендей болды. Алайда ертеңінде ыстығым қайта көтеріліп – 38,5 болды» деген ол ауруханаға хабарласқан сайын «Күте тұрыңыз» деген сылтаумен оған ешкім келмеген.

– 10 күн бойы үйге бір дәрігер келмеді. Оларды күтіп жүргенде өзім жазылып алдым. Енді қат-қатар балаларым ауыра бастады. Жедел жәрдем келгенде тек кенже баламның кеудесін тыңдады да кетіп қалды,деген көпбалалы ана бұған қатты ашуланған.   

Ол осы жағдайдан соң әлеуметтік желіде дәрігерлердің жауапсыздығын айтып, пост жазған. Сол кезде Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселенің мән-жайын анықтап, жұмысына жауапсыздық танытқан дәрігерлерді жауапқа тартатынын жеткізген.

Міне, сол жазбадан бастап күнде дәрігерлер хабарласып, қал-жағдайымды біліп, кешірім сұрауда. Сонда олар қателіктерін түсіну үшін міндетті түрде пост жазып, елді шулатудың не керегі бар? Кім болса да жұмысына жауапты болғаны дұрыс» дейді ол.