Қайтыс болған ер адам мәйітханада бальзамдау кезінде тіріліп кетті

Қайтыс болған ер адам мәйітханада бальзамдау кезінде тіріліп кетті

Кенияда қайтыс болды деп есептелген ер адам мәйітханада денесін бальзамдау кезінде тіріліп кетті, деп жазады “The Standart”.

Басылымның мәліметінше, 32 жастағы Питер Киген асқазынан болып есінен танған соң ауруханаға түскен.  Кигеннің ағасының айтуынша, медбикелердің біреуі оған інісінің өзі келгенше көз жұмғанын айтқан. Ол ер адамның ағасына тиісті құжатты толтыруға берген, содан соң Кигенді мәйітханаға алып кеткен.

Шамамен 4 сағат өткен соң мәйітхана қызметкері Кигенннің аяғынан кесіп алғанда ол шыңғырып жіберген.

"Мен болған оқиғаға сене алар емеспін. Олар менің өлгенімді қалай түсінген? Мен есімді жиғанда қайда жатқанымды тіпті түсінген жоқпын", — дейді ер адам.
Аурухана дәрігері Гилберт Чериот болған оқиғаға Кигеннің туыстарын айыптады. Оның айтуынша, олар Кигенді мәйітханаға апаруға тым асығып, өлімі туралы куәлікті күтпеген.
"Медицина қызметкерлері Кигеннің туыстарынан біраз күте тұруды сұраған, алайда олар бас тартып, оны мәйітханаға апаруды талап еткен", — дейді Чериот.
Оның айтуынша, жағдайы ауыр пациенттер аурухана көп, дәрігерлер солармен жұмыс істеп жатыр. Киген өзін емдеу шараларына жақсы жауап беріп жатыр, жақын күндері оны ауруханадан шығарады.