Кен орнында өрт шығып, үш жұмысшы қайтыс болды

Кен орнында өрт шығып, үш жұмысшы қайтыс болды

Өрт туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты.

Бүгін сағат 01.34-те Сырдария ауданы «Қызылорда ­– Құмкөл» тасжолының 108 шақырымында «Бектас – Қоныс» кен орнында жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақхана өртке оранған.

[caption id="attachment_91791" align="aligncenter" > Фото: ТЖМ-нен алынды[/caption] Өрт 1450 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер 160 шақырымнан жетемін дегенше, жатақхана өртеніп кеткен.