Бір жыл бойы киік қырған қылмыстық топ ұсталды

Бір жыл бойы киік қырған қылмыстық топ ұсталды

Ұсталған 11 браконьер жануардың мүйізін сатумен айналысқан деген күдік бар. Экологияға келтірілген шығын көлемі 700 млн теңгеге жеткен.

Ұсталғандарды тінту барысында 700 мүйіз, 9 қару, 7 жол талғамайтын көлік, оған қоса қарда жүруге арналған машина, мотоцикл тәркіленген.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз: «Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жалпы жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 12 мың фактісін анықтады. 583 іс бойынша тергеу басталды, 221 қылмыстың іс сотқа жолданды. 12 мыңға жуық құқық бұзушы, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді.