Бұдан былай жүргізуші куәлігін алып жүрмегендерге айыппұл салынбайды

Бұдан былай жүргізуші куәлігін алып жүрмегендерге айыппұл салынбайды

«Бұл құжат жол жүрісі саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заң жобасында Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жүргізушінің өзімен бірге алып жүруге міндеттейтін нормаларды алып тастау көзделеді. Аталған нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауаптылықты алып тастау ұсынылады», – деді Мәжіліс депутаты Қанат Мусин.

Ескерер жайт, бұл түзетулер шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды. Сонымен қатар, заң жобасында жол салушыларды жолға байланысты құрылыстарды алдын ала келісуге және оларға сараптама жүргізуге міндеттейтін нормалар ескерілді.

Депутаттың айтуынша, шығарылған уақыты 10 жылдан асқан автобустарды бастапқы мемлекеттік тіркеуге тыйым салу ұсынылды.