Полицей эвакуатормен жол бойында тұрған көліктерге соғылған

Полицей эвакуатормен жол бойында тұрған көліктерге соғылған

Жол апаты кезінде эвакуатормен бірнеше көлікті қиратқан.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер оқиға 23 қараша күні Алмалы ауданында болғанын хабарлады.

«КамАЗ эвакуатор Назарбаев даңғылынан Қабанбай батыр көшесіне қарай шығыс бағытта келе жатқан кезде қираған тірек салдарынан басқа көліктерге барып соғылған. Салдарынан жол бойында тұрған көліктер бүлінген. Іс жүргізу нәтижелері бойынша материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі. Эвакуатор жүргізушісі - полиция қызметкері жауапқа тартылды» делінген Полиция департаментінің хабарламасында.