Қазақстанда азық-түлік бағасы тағы қымбаттады

Қазақстанда азық-түлік бағасы тағы қымбаттады

Статистика комитетінің мәліметінше, қарашада (2020 жылғы қазан) бағаның өсуі күнбағыс майы – 10,7%, жаңа жиналған көкөністер – 8,5%, құмшекер – 6,8%, жұмыртқа – 4,6%, картоп – 3,8%, жармалар – 2,1%, айран – 1,1%, ұн – 1%, сүт, сары май – 0,8%-дан, макарон өнімдері 0,7%-ке қымбаттады.

Темекі өнімдері 0,6%-ке қымбаттады. Ал тауықтың сирағы – 1,8%, алма – 1%-ке арзандаған. Баға өсімі жеке көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектерге – 1,5%, ыдыс-аяқ – 1,4%, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар – 1,2%,жуғыш және тазалағыш құралдар – 1%, тұрмыстық аспаптар – 0,9%, киім және аяқкиім, жиһаз және үйге қажетті заттар – 0,7%-дан, планшеттерге – 0,6%, дәрі-дәрмек, жеке қолданылатын тауарлар, автомобильдерге 0,5% болды. Қысқы дизель отыны 2,8%-ке арзандады. Баға деңгейі кинотеатрлар қызметтеріне – 6,2%, спорттық кешендер қызметтеріне – 1,3%, стоматологиялық қызметтеріне – 1%, моншаға бару, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 0,9%-дан, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне 0,7% өсті.

Әуе көлігімен жол жүру ақысы 0,9% арзандады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер ыстық суға – 6,2%, орталықтын жылытуға – 4,5%, қоқыс шығару – 1,6%, суық суға – 0,9%, электр энергиясына – 0,5%, кәрізге – 0,2% өсті.