Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жүргізуші көлігімен бірге өртеніп кетуге шақ қалған.
Өрттен 42 жастағы ер адам зардап шеккен. Беті-қолы күйіп қалған. Жүргізуші Павлодардағы №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.«3 желтоқсан күні кешкі сағат 17.56-да Дүйсенова, 56 мекенжайынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Ауладағы 6 шаршы метр аумақта Hyundai Аccent көлігі толығымен өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көліктің жүк салғышынан сыйымдылығы 15 литр болатын бір газ баллоны шығарылды» деліген ТЖД-ның хабарламасында.
Өрт толықтай сөндірілді.«Зардап шеккен ер адам кәсіпкер болған. Оның көлігінің жүк салғышында арнайы құрал, құрал-саймандар мен 15 литрлік газ баллоны болған. Баллон газ шығаруы мүмкін. Көлік аулада шамамен 4 сағат тұрған. Жүргізуші көлікке отырып, оны іске қосқаннан кейін газ-ауа қоспасы тұтанған. Салдарынан өрт шыққан. Ол көліктен секіріп үлгерді», – дейді құтқарушылар.